Полицейлер зейнеткерді құтқарды

Полицейлер зейнеткерді құтқарды

Қарт әйел Рудныйда 3,5 млн теңгесіз қалуы мүмкін еді, деп хабарлайды оьлыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Учаскелік полиция инспекторлары Бекзат Иманбаев пен Бағдат Исламбек қырағылық танытты.

Полицейлер банкте болғанда қарт әйелдің қобалжып, күдіктеніп тұрғанын байқайды.

 

«Әже бізге таксиге тапсырыс беруді сұрады, ал ол сол уақытта біреумен телефонмен сөйлесті. Телефондағы дауыс белгілі бір мекен-жайға барып, онда шотқа ақша салуы керек екенін айтты. Біз мұның не екенін бірден түсіндік», – дейді Бекзат Иманбаев.

 

Полиция қызметкерлері әйелді тыныштандырып, алаяқтар онымен сөйлескендіктен телефонды қою керек екенін түсіндіре бастады. Өз кезегінде алаяқтар өздерінің жоспарларының әшкере болғанын түсініп, әйелге телефонмен айқайлап, полиция қызметкерлерін тыңдамай “сол жерден кет” деген.

 

“Нәтижесінде біз әжені тыныштандырып, алаяқтардың нөмірін бұғаттадық. Алайда, бұл оларды тоқтатпай, басқа нөмірлерден тағы бірнеше рет қоңырау шалды. Кейін біз банкке оралып, ақшаны шотқа салып, әйелді үйге апардық. Тағы да оған алаяқтардың схемалары туралы айтып, қырағы болуды өтіндік”, – дейді учаскелік полицейлер.

 

Зейнеткер инспекторларға қырағылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу