Оқиға Арқалық қаласында болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.
Бойжеткенді қараусыз қалған ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болған жерінен тәртіп сақшылары құтқарып қалды делігнен хабарламада.
Түнгі сағат бірлер шамасында кездейсоқ өтіп бара жатқан қала тұрғыны қаңырап тұрған ғимараттың терезе жақтауынан ол қыздың жылап тұрғанын көрген. Оқиға болған жерден полицияға қоңырау шалады.
Белгілі болғандай, қыз отбасы жағдайына байланысты осындай шешімге барған.
«Қазіргі уақытта бойжеткеннің өміріне ешқандай қауіп жоқ, арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр», – дейді полиция өкілдері.