Акцияны ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қостанай станциясындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері мен көлік прокуратурасының өкілі арқылы бірлесіп ұйымдастырды.
Желілік бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қошкарбаевтың айтуынша, жыл басынан бері теміржол станцияларында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 4 қылмыстың жолы кесіліп, 110 грамнан астам тыйым салынған заттар тәркіленген.
Мысалы, маусым айында Қостанайда теміржол жолдарында жергілікті тұрғын ұсталып, тінту барысында ақ түсті ұнтағы бар полимерлі бума тәркіленді. Сараптама нәтижесінде синтетикалық есірткі мефедрон болып шықты. Есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Акция барысында полицейлер вокзалға келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. “Есірткіге жол жоқ”деген жазуы бар футболкалар мен бас киімдер таратылды.
Вокзалға жиналғандардың назарына Департаменттің кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдері ұсынылды.
“Іздеу” командасы бойынша қызметтік бельгиялық овчарка – Тесла тапсырманы орындай бастады. Сөмкелердің бірінен оған есірткі затын табу керек болатын. Полиция иті алдымен барлық мүмкін “орындарды” иіскеп, содан кейін ол есірткі заты жасырынған сөмкенің қасына тұрды.
Кинолог Диас Игіліков осы үшін оны мадақтап, сүйікті ойыншығын берді.
Айта кету керек, Тесла есірткі заттарын іздеуге маманданған. Ол барлық дағдыларды Алматы кинологиялық орталығында үйренген.
Ұйымдастырушылар профилатикалық акцияны теміржол вокзалының ғимаратында өткізумен шектелмеді. Олар акцияны “Қостанай – Алматы” бағытында жүретін пойыздың вагондарында да ұйымдастырды.
Полицейлер жолаушыларға есірткінің зияны туралы айтып жатқанда, Тесла тыйым салынған заттарды табу мақсатында сөмкелерді иіскей бастады. Нәтижеге сай, олар заңға бағынатын азаматтар болып шықты.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерәділова өңірде жыл басынан бері 60 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 4 килограмға жуық синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан тәркіленгенін атап өтті.
Полицейлер тұрғындарымен осындай түсіндіру акцияларын жиі өткізетін болады