Оқиға Рудный қаласында болған. 17 жастағы жігітті алданғалы тұрған зейнеткерге барған жерінен ұстады. Қарт әйел мен көршілерінің қырағылығы 84 жастағы кейуананың жеке қаражатын құтқарып қалуға көмектесті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, алаяқтардан қоңырау кешке келіп түскен. Ер адам өзін полиция майоры ретінде таныстырып, немересі адамды көлікпен қағып кеткенін хабарлайды. Сот алдында жауап бермеу үшін белгілі бір ақша төлеу қажет деп ескертеді. Егде жастағы әйел алдымен абдырап қалады, алайда әңгімені үзбестен кеңес алу үшін көршісіне жүгінген. Көршісі дереу полиция шақырды. Осы уақыт аралығында алаяқтар арқылы 1 млн теңгеден астам ақша беруге туралы келісіп қойған екен.
– Мекенжайға дереу полицейлер келді. Олар үйге жақындаған сәтте күдікті жас жігітті байқады. Кейінірек белгілі болғандай, бұл ақшаға келген дроппер болды,– дейді мүліктік қылмыстар бөлімшесінің бастығы Мадьяр Тажин.
Егде жастағы әйелдің қырағылығы осылайша қылмыскерді ұстауға көмектесті. Оның айтуынша, бір күн бұрын учаскелік полиция инспекторлары келіп, алаяқтар қандай схемаларды қолданатынын айтқан болатын.
– Бұл жұмысты тәртіп сақшылары «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізеді. Учаскелік полиция инспекторлары халықтың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіп қана қоймай, алаяқтық тәсілдері туралы да айтады, – деп атап өтті Мадьяр Тажин.
Ұсталған жігіт колледж студенті. Ол өзінің қосымша ақша тапқысы келетінін айтады. Оған бұл табыс туралы ұсыныс Instagram желісінен келген. Кейінірек, әкімші онымен Telegram-да хабар алмасқан.
–Мен бұл әрекеттің қылмыс екенін білмедім. “Мекенжайлардан ақша алып, оларды қайта есептеп, банк деректемелеріне жібересіз”,– деп түсіндірді. Болжам бойынша, бұл адамдар өздері ештеңе жасай алмайды, мен оларға осылай көмектесемін. Соманың 3 пайызы өзіме алып отыруға келістік. Бір апта ішінде мен 300 мың теңгеден астам табыс таптым. Мен не істеп жатқанымды білсем, ешқашан ондайға бармас едім, – дейді ол.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Облыстық ПД азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына түспеуге шақырады.
Егер сізге туыстарыңыз қиындыққа тап болды деп хабарланған болса, ақпаратты тексеру қажет. Егер сіз осындай әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз!