Полицейлер “Денсаулық марафонын” өткізді

Полицейлер “Денсаулық марафонын” өткізді

“Романтик” балалар аула клубында ұйымдастырылған іс-шарада  облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері балаларға арнап жарыстар мен  флэшмоб өткізді.

Онда жасөспірімдер жігерлі музыкаға дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Одан кейін бірнеше сектордан тұратын кедергілер жолын еңсерді.

“Эстафета қатысушылары екі командаға бөлініп, әртүрлі спорттық жарыста бақ сынасты. Бұл ретте әрқайсысы жылдамдық, ептілік, төзімділік көрсетті. Балалар ұйымдастырылған іс-шарадан жақсы әсер алды”, – дейді басқарманың аға жедел уәкілі Айгүл Ерәділова.

Айта кетейік, акция Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған.

Команда қатысушыларына грамоталар берілді. “Есірткіге жол жоқ” логотипі бар бейсбол қалпақтары үлестірілді. Үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аружан Қанатбек

ҚӨУ-нің студенті

Жаңалықтармен бөлісу