Полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар ұрыны ұстады

Полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар ұрыны ұстады

Ол  адамдар көп жиналатын орындарда өз әрекетін жүзеге асырып, ұялы телефондар мен әмияндарды олжалап келген. Осылайша бірнеше қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді.

Мысалы, сауда үйлерінің біріне кіре берісте ол әйел адамның  сөмкесінен ішінде 40 мың теңгесі және 100 еуросы бар әмиянды жасырын түрде қолды қылды. Біраз уақыттан кейін сауда орталығында 380 мың теңге тұратын смартфонды еш қиындықсыз жәбірленушінің күрткесінің қалтасынан ұрлап әкетті.

“Бір айда ол үш бірдей  ұрлық жасады. Залал сомасы 600 мың теңгеден асты. Ұсталған адам өз кәнісін мойындады. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – дейді Қостанай қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін оған қатысты екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза қарастырылған.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шараларды сақтауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу