Полицейлер биіктіктен құлағалы тұрған азаматты құтқарып қалды

Полицейлер биіктіктен құлағалы тұрған азаматты құтқарып қалды

Бұл  жағдай Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде болды. Оқиғаның куәгері қараусыз қалған ғимараттың жанында тұрған таныс көлікті көреді. Жан-жағы қоршалмаған балконның шетінде жатқан адамды байқап, полиция, жедел жәрдемге хабарласты.

Оқиға орнына құтқарушы қызметкерлер 4 минут ішінде келді.

Кенттік полиция бөлімінің бастығы Аманкелді Әбдірахиев  пен кәмелетке толмаған полиция қызметкері Қайрат Асқаров ер адамды қауіпсіз жерге сүйреп апарып, жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті.

Қазір оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шегушінің  қараусыз қалған ғимараттың балконына түсу себебі анықталуда.

Жаңалықтармен бөлісу