Қостанай клубы португалиялық вингер Педро Эужениомен келісімшартқа отырғанын хабарлайды.
“Эуженио отандық футболсүйер қауымға жақсы таныс, ол Қазақстанда «Жетісу», «Тараз», «Астана» және «Атырау» сапында өнер көрсетті. «Астана» құрамында чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Премьер-лигада барлығы 73 матч өткізіп, 32 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді”, – деп жазды “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметі.
Тәжірибелі вингер «Спортинг» және «Бенфика» жастар командаларында ойнады. Португалияның жасөспірімдер құрамасында Педро бес матч өткізді.