Мектептің бас есепшісі Мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтығы үшін айыппұл төледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай “Озат” Ақпараттық технологиялар арнайы мектеп-лицей интернаты бас есепшісі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, “М” ЖШС-мен 20 985 450 теңге сомасына азық-түлік жеткізу шартына қол қойып, соманың он пайызын өзіне қалдырған. Нәтижесінде мекемеге 1 956 600 теңге материалдық залал келтірілді. Сот үш жыл мерзімге есепші лауазымын атқару құқығынан айыра отырып, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.