Бүгінгі таңда елімізде 9 млн белсенді қазақстандықтың – 4,3 миллионы әйел заты. Барлық тәрбиешілердің 84%-дан астамын және дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің 80 пайызын қыз-келіншектер құрайды.
Облыстағы әйелдер қауымы да қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенді. Мәселен, бүгінде облысымыздағы 6 мың мемлекеттік қызметшінің 65 пайыздан астамы – нәзік жандар. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес басшыларының арасында әйелдер үлесі 43 пайыз.
Бұл гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияда келтірілген дәйектер. Ал, отбасы құндылығы қайда? Ғасырлардан жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы неге үзілді? Осы және өзге де әлеуметтік мәселелер бүгінгі алқалы жиында көтерілді.
«Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметте әйелдерің үлес салмағы 65 пайыз. 85%-ы педагогтар. Осылай деректерді келтіре кетуге болады. Бірақ бүгін – бала тәрбиесі, әл-ауқатты отбасы мәселесіне тоқталғым келеді. Ондай отбасы қалай болу керек? Отбасында ата-енесімен бірге өмір сүріп жатқан жұптар бар. Қазіргі тағы бір мәселе – ауылдан халық көшіп жатыр. Мектептерге бала саны жетіспейді? Осындай әлеуметтік мәселелерге мән беруіміз қажет», – деді облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.
2024 жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 2319 отбасыға тағайындалып, оған 962 млн теңге бағытталыпты. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарында 686 көп балалы отбасы бар.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ