А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің әскери кафедрасының ауқымы кеңейді. Онда бүгінде төрт жүзден астам студент білім алуда.
Осыдан бес жыл бұрын кафедра жанынан “Жәнібек Тархан” әскери патриоттық клубы да ашылғанын білеміз. Бүгін білім алуға келген абитуренттер әскери ант қабылдады.
“Еліміздің болашақ қорғаушыларын дайындауға біздің университетіміз де өз күшін салып жатқанына қуаныштымын.
Отан қорғаушыларымызға тек қана сәттілік тілеймін! Алда қойған мақсаттары орындалып, елімізді, жерімізді қорғауға бар күштерін жұмсайтындарына сенімдімін!”, –деді оқу орын ректоры Сейтбек Куанышбаев.