Орталықтағы мереке қала тұрғындарын думанға бөлеуде

Орталықтағы мереке қала тұрғындарын думанға бөлеуде

Орталылықта қала күніне орай ойын-сауық бағдарламалары жалғасуда. Алты қанатты ақшаңқан үйлерде оқырман қауымға кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қазіргі және кеңес кезіндегі әдеби романдар мен тарихи шығармалардың жаңғыртылған нұсқалары таныстырылды.

Қостанайлық қолөнер шеберлерінің көрмесі де осы киіз үйлердің ішінен орын теуіпті.

 

“Біздің мақсатымыз қолөнерімізді жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңіру. Көне қазақы бұйымдарға деген халықтың көзқарасы артып келе жатқанына қарап қуанасың. Жуырда осы шаруалардың қамымен облыс басшысы Қ. Ақсақалов қала тұрғындарын мәселелерімен қабылдады. Сонда осы заттарымыздың жасалу жолдарын үйренемін деген ортаға орталықтан арнайы жер бөлуді сұрадық. Мәселе жуық арада шешіліп жатса, қолөнердің аясын кеңейту ойымызда бар”,– дейді қолөнер шебері М.Рахалиев.

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу