Су тасқынынан кейін құбыр бөлшектерін жөндеп, тазартуға байланысты «Қостанай-Тобыл» бағытындағы жол көліктің барлық түрлері үшін 9 сәуір күні сағат 01:00-ден 03:00-ге дейін уақытша жабылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.