Орманды бірігіп қорғайық

Орманды бірігіп қорғайық

Жаңа жыл мерекесі де күн санап жақындап келеді. Бұл мерекені сән-салтанатпен қарсы алып, атап өтуге әр отбасы мен

мекемелерде қызу дайындық шаралары жүріп жатыр.

Қала көшелері мен сауда орталықтарында ілінген жаңа жылға арналған құттықтау сөздер, Аяз ата мен Ақшақардың бейнеленген суреттер көздің жауын алып, мерекенің алыс емес екенін аңғартады.

«Бір тал кессең – он тал ек» деп дана халқымыз айтқандай, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының жас талдарын қорғауды күшейту туралы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 2025 жылдың 20 қарашадағы № 27-03/307-НҚ бұйрығына сәйкес, жаңа жыл алдындағы кезеңіндегі қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының жас талдарын қорғауды күшейту, қылқан жапырақты ормандарды сақтау мақсатында жедел шараларды қолдануды облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары мен бағынысты ұйымдарға жүктеді.

Осы бұйрықты 2025 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының жас талдарын қорғауды күшейту барысында аумақтық инспекция мамандары Қостанай қаласы мен Қостанай облысының тұрғындарын заңсыз қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарын кеспеуге және бірігіп қорғауға шақырады.

Қостанай облыстық Орман шаруашылғы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы заңсыз кесілген және құжатсыз қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарын тасыған азаматтар құқық қорғау мекемесі алдында жауапқа тартылатынын ескертеді.

 

Талғат Ертайұлы Берманов

Қостанай облысы Орман шаруашылғы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

сурет: ttjk.info