Бүгін қала тазалығы толғандырған оқырман пікірін жариялаған болатынбыз. Әкімдіктен осы тақырыпқа байланысты арнайы мекеменің алдағы демалыстарда күшейтілген режимде жұмыс істейтіні жөнінде мәлімет келіп түсті.
– «Тазалық» ЖШС және басқа да мердігерлік ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істейді, осы демалыс күндері барлық қоқыстарды шығарады, – дейді әкімдіктегілер.