Оқушылар салт-дәстүр көріністерін көрсетті

Оқушылар салт-дәстүр көріністерін көрсетті

Қостанайдағы №24 мектеп гимназияның оқушылары ата-аналарымен бірге қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер қойды. Балалар мақал-мәтел жарысты.

“Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен наурыз мерекесі ерекше тойланып жатыр. Бұған біз де атсалысуды жөн көрдік. Бүгін балалардың ата-әжелері, ата-аналары «жиенқұрық» дәстүрінен үзінділерді сахналап, жарапазан айтты. Тал егу дәстүрі көрсетілді. Ұмытылып бара жатқан ата дәстүрді ұрпаққа ұғындыру — басты талабымыз”, – дейді білім ордасының ұстазы Шолпан Ахметова.

Осы іс-шараға белсенді атсалысушылардың бірі — Ерасыл есімді баланың әжесі Гүлжамила Мұратқызы.

“Бүгін Ерасылым Алдияр деген ақылды баланың рөлін сомдап шықты. Біз ол қойылымға ұзақ дайындалған жоқпыз. Өзі сондай зерек. Кітаптағының бәрін қағып алады”, – деп әжесі мақтап отыр.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу