Оқу жылының уақыты өзгергенімен, форматы бұрынғыша

Оқу жылының уақыты өзгергенімен, форматы бұрынғыша

Биыл оқу жылының аяқталуына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде соңғы қоңыраулар қашан және қандай форматта өтетінін жариялады. Қостанай облысында әзірлік әлдеқашан басталып кетті. Биыл өңірде 4066 түлек мектеп бітіреді. Жылдағыдан айтарлықтай ерекшелік болмағанымен, әсіре дабыраға ұластырып жібермеу керектігін ескертеді.

31 мамыр – мектеп оқушыларының биылғы соңғы оқу күні. Бұл күні барлық мектеп бекітілген кесте бойынша сабақ жүргізеді. Күннің соңында әр сыныптың сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сценарийін мұғалім сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, өз бетінше дайындайды.

«Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау, балаларды 90 күн жазғы демалыс кезеңіне дайындау. Дәстүр бойынша бұл сынып сағатында мұғалім оқитын кітаптар тізімін, фильмдер тізімін ұсынады, қауіпсіздік шаралары, ұйымдастырылған демалыстың артықшылығы, қосымша білім беру ұйымдарына бару, еңбектің пайдасы туралы, ата-аналар мен ата-әжелерге жан-жақты көмектесу туралы әңгімелейді», – дейді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова.

Соңғы қоңырауға келсек, 1 маусымда өтеді. Бірақ мектептердің өз таңдауы бойынша.

«Оқу-ағарту министрлігі мектептегі соңғы қоңырауларды өткізудің барлық дәстүрін қолдайды. Сонымен бірге министрліктің нормативтік-құқықтық құжаттарында мұндай шара бұрын болмаған, қазір де жоқ екенін атап өтеміз. Сонымен бірге министрлік соңғы қоңырауларды 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған форматта және іс-шара аясында өткізуді ұсынады», –  деп толықтырды Анна Лазерова.

Биыл мектеп оқушыларына оқу жылының аяқталуын мейрамхана мен кафелерде тойлауына рұқсат берілген бе? Министрлік бұл сұраққа да жауап берді.

«Оқу-ағарту министрлігінің «тек мектеп қабырғасында» деген ұсынысы бар, – деп түсіндірді министрліктегілер.

Сонымен қатар, педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сынып сағаттары мен жүргізушілерді ұйымдастыру, сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру кезінде іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды жалдау үшін ата-аналардан қаражат жинауға рұқсат берілмейді. Сонымен бірге мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлыққа қаражат жинауға тыйым салынады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу