Бұл туралы облыс прокуроры Берік Әбілов Бас прокуратураның Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі бастығының орынбасары Руслан Райхановтың қатысуымен өткен алқа жұмысында айтып берді.
Облыс прокуроры өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған қадағалау жұмысының негізгі жетістіктерін атап өтті.
«Жергілікті билік және басқару органдарымен, құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі қылмыс деңгейі 16,3%-ға төмендеді», – деп Берік Әбілов.
Мәселен, құқық бұзушылық түрлері бойынша кісі өлтіру 11,1%-ға, ұрлық 30%-ға, тонау 4%-ға, мал ұрлығы 65,2%-ға, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар 23%-ға азайған.
“Қадағалау актілері бойынша жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау саласында 141 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Атқарушылық іс жүргізу саласында 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, алимент бойынша қылмыстық 41 борышкер, 380 млн теңге сомасына мемлекет кірісіне берешек және 206 млн теңге сомасына алимент бойынша берешек өндірілді”, – деді облыс прокуроры.
Прокурор тексеру материалдары бойынша сотқа дейінгі 5 тергеу басталғанын айтты. Сотқа 3 қылмыстық іс жіберіліп, 3 адам сотталған. Солардың бірі – Әулиекөл ауданы Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы А.Б. Жақашев. Оған қатысты тергеу ісі аяқталды. Ол бұған дейін прокуратураның бастамасымен мемлекет мүлкін теріс пайдалану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-тармағына сәйкес қамауда болды. 450 млн теңгеге бағаланған мүлкіне тыйым салынды. Сот үкімімен ол 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетсек, ол 2020 – 2022 жылдар аралығында өзінің қызметтік құзіретін пайдаланып, жеке саудагерлерге өрт қаупі бар кезеңде рұқсатсыз ағаш дайындауға рұқсат берді деп айыпталған еді. Кейін осы заңсыз әрекеті үшін олардан 15 млн теңгеден астам сыйақы алғаны анықталды.
«Қару-жарақ палатасы» дүкенінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық іс жолдау ұйымдастырылды. Резонанстық оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша төрт адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан оқиғаға сот лауазымды адамды кінәлі деп таныды, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.