Өскеменде жас жол инспекторларына арналған дәстүрлі республикалық слет өз жұмысын бастайды 

Өскеменде жас жол инспекторларына арналған дәстүрлі республикалық слет өз жұмысын бастайды 

Оған еліміздің 20 өңірінен келген 200 жуық оқушы, сонымен қатар Беларусь пен Қырғызстаннан жас жол инспекторлары қатысады. Қостанайдан 19 мектеп бастамаға ниет танытып отыр.

Бағдарлама аясында түрлі байқаулар, тренингтер, интерактивті іс-шаралар мен көшбасшылыққа бағытталған тапсырмалар ұйымдастырылып, жасөспірімдерге қауіпсіздік мәдениетін насихаттаудың тың әдістері ұсынылады.

Слеттің салтанатты ашылу рәсімі 6 тамыз күні өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.