Қостанайда өрт сөндіру техникасы мен құрылғыларын тексеруге және тұрғындарды өрт қаупінен хабардар етуге арналған рейд ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда осындай шаралардың маңызы зор. Ауа температурасының күрт көтерілуі дала өрттерінің қаупін айтарлықтай арттырып отыр.
“Өрт қаупі өршитін кезең басталды. Осыған байланысты, ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң бақылауда ұстауды ескертеді. Ауылдық жерлерде, саяжайлар мен бау-бақшаларда желді күндері от жағуға болмайды” – деді облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары Өміржан Тукушев.