Өңірдегі қайта өңдеу өндірісінің үлесі елу пайызға жақындады

Өңірдегі қайта өңдеу өндірісінің үлесі елу пайызға жақындады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Қостанайдағы сапары толық циклде бұршақ дақылдарын өндірілетін “Кайзен” ЖШС-інде жалғасты.

Бұл бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін кәсіпорын шикізаттан қаптамаға дейін 170 мың тонна дайын өнім шығарады. Үкімет басшысы өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

“Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға жауын-шашынның кеш түсуі әсер еткенін білеміз. Соған қарамастан, бұл көрсеткіш сіздерде бес пайызға артып отыр. Бұл облыста қайта өңдеу өндірісінің үлесі қырық бес пайызды құрайтынының арқасы. Ол дегеніміз,  елдегі экономикалық көрсеткіштерге ұдайы пайдасын тигізіп келе жатқанын білдіреді”, – деді Әлихан Смайылов.

Жобаға 4 млрд теңге инвестиция тартылған, нәтижесінде 70 жұмыс орыны құрылды. Түстен кейін Үкімет басшысы тағы бірқатар нысанды аралайды. Толығырақ газетіңміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу