Өңірде жылу беру маусымы қашан тоқтайды?

Өңірде жылу беру маусымы қашан тоқтайды?

Жылу беру маусымын тоқтатудың тәртібі бар. Орташа тәуліктік температура үш күн қатарынан +10 °C-тан төмен болмауы қажет.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жылуды жергілікті атқарушы органдар нақты метеорологиялық деректер негізінде ағытады. «Қазгидромет» осы ай жылы болатынын жорамалдап отыр.

– Сәуірде күн райының орташа температурасы +6,0/+10,6°С болмақ. Бұл нормадан 1-2° жоғары (норма: +4,1+8,7°С). Бір айда жауын-шашын мөлшері облыстың көп бөлігінде нормадан, оңтүстікте нормаға жақын болады деп болжанған (норма: 12-27 мм). Жауын-шашын (жаңбыр, қар) айдың ортасында жаумақ. Жаңбыр, найзағай екінші, көбінесе үшінші онкүндікте болады деген болжам бар, – дейді синоптиктер.

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы түнде +3+8°С дейін, күндіз +15+20°С, облыстың оңтүстігінде +25°С дейін біртіндеп көтерілмек.

Былтыр жылу беру маусымы сәуірдің екінші жартысында тоқтатылған еді. Биыл, ұсынылып отырған деректерге қарағанда, уақыты өзгеруі мүмкін.

Жаңалықтармен бөлісу