Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш ИСМУРЗИНАНЫҢ айтуынша, жаһандану жағдайында еңбек нарығының талаптарына бейімделу қажет.
– Облысымыздың аграрлық бағытына қарамастан, Индустрия белсенді дамып келеді. Осыған байланысты біз жаңа мамандықтарды ашамыз. Мысалы, автомобиль көлігі колледжінде “Құю өндірісі”, “автомобиль жасау” мамандықтары бойынша жаңа топтар ашылды. Өткен жылы Қазақстандық агротехникалық колледж “Ветеринария” мамандығы бойынша лицензия алды, бұл біздің мал шаруашылығы өңіріміз үшін өзекті, – деп атап өтті Қарлыға ИСМУРЗИНА өңірлік коммуникациялар алңаындағы баспасөз брифингінде.
Келесі жылдан бастап Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде қолданбалы бакалавриат шеңберінде “Мехатроника”, педагогикалық жоғары колледжде – “Логопедия” жаңа мамандығы ашылады.