Естеріңізге салайық, тасқын кезінде 59 бизнес нысаны су құрсауында қалған-ды. Басым бөлігі – сауда, қоғамдық тамақтану және демалыс орындары.
Екі ғимарат қирап, бүлінген. Жетеуі жөндеуді қажет етеді. Одан бөлек, істен шыққан құрал-жабдық, тауар шығыны өтеледі. Жалпы, бұл мақсатқа Үкімет қорынынан 12,1 миллиард тенге қаржы бөлінді. Өтемақы төлеу жөніндегі өтінішті аймақтық комиссия бес күннің ішінде қарап, тиісті шешім шығармақ. Бұл жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
– Ережеге сәйкес өтініш қарашаның 30-на дейін қабылданады. Бүгінгі күнге дейін зардап шеккен барлық кәсіпкер өтініштерін тапсырды . Бірақ, олардың бәрі бірдей төлем алмауы мүмкін. Өйткені, арасында шағын және орта бизес өкілі екендігін, бүлінген дүние-мүліктерін айғақтайтын құжат тапсырмағандар бар, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Талғат Саламатов.
Әлібек ЫБЫРАЙ