Өңірде қылмыс төмендеді, бірақ бақылау күшеюі керек

Өңірде қылмыс төмендеді, бірақ бақылау күшеюі керек

Бүгін Қостанайда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте «Заң мен тәртіп» бағдарламасының іске асу барысы сөз болды. Өңірдегі құқық қорғау саласындағы түйткілді мәселелер қозғалды.

Жиынның кіріспе сөзінде облыс әкімі заң мен тәртіп, адам және оның құқығы жаңа Конституцияда айқындалатынын айтты.

«2025 жылғы 5 қарашада ҚР ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекітілді. Бұл құжатта «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты қағидаттар болып белгіленді. Енді жаңа Конституция жобасында да осы қағидаттар бекітілетін болады. Адам және оның құқығы мемлекеттің және Негізгі заңның орталық құндылығына айналады. Әсіресе заң мен тәртіп терең мәнге ие болып отыр. Өйткені олар құқықтық мемлекеттің іргетасы», — деді Құмар Ақсақалов.

Осы қағидаттардың орындалуы, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіптің сақталуы жолындағы полиция мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин баяндады.blankОның айтуынша, өңірдегі қылмыстық жағдай соңғы бес жылда 40% төмендеген. Қоғамдық орында жасалатын қылмыс азая түскен. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық артып барады.

«2025 жылғы қорытынды бойынша, 364 мың әкімшілік қылмыс тіркелген. Бұл 2021 жылғыдан 45% көп. Отбасы-тұрмыс саласына, мүліктік және жеке қауіпсіздікке залалы тиетін алкогольдік қылмыс та бой бермей тұр. Цифрлық алаяқтық та дендеп барады. Жол апаты да азаяр емес», — деді облыстық ПД бастығы.

blankЖедел басқару орталықтары (ЖБО) мен біріктірілген бейнебақылау жүйелерін көбейту — көп мәселенің шешімі. ЖБО бүгінде елорданың бүкіл ауданында ашылып жатыр. Ал бізде Қостанай, Рудный, Тобыл, Арқалық, Жітіқара қалаларында бар. Биыл 15 ауданда ашу көзделіп отыр. Ол арқылы әр өңірдегі ахуалды облыстық ПД және ІІМ бақылап отырады. Бұл қызметтерге ЖИ енгізілмек. blank

«Кейінгі бес жылда көше камералары 14 есе көбейді. Олардың бүгінгі саны — 46 940. Бұл өте аз. Стандартқа сай, жүз адамға 15 камерадан келуі керек. Демек, облысқа әлі 76 мың бейнебақылау камерасы қажет. Қалтарыстарда болатын қылмыстар осы дефициттерден хабар береді. Аудан-қаланың көбінде осы мәселе өзекті. Бес өңірден басқасында камералар эпизодтық түрде жұмыс істейді. 2023-2025 жылдары Науырзым, Меңдіқара, Қарасу аудандарында бір де бір камера орнатылмаған. Бұлардың әрқайсында қоғамдық орындарда қылмыс жасалады. Кесірінен уақытылы алдын алу мүмкін болмайды. Биыл қаңтарда Науырзымдағы 21 камераның 11-і, Меңдіқарада барлық 43 құрылғы, Федоровна 33 камераның 12-сі жұмыс істемейтіні анықталды», — деп мәлімдеді Ерлан Файзуллин.

blankОсы деректерді негізге алып, облыс әкімі аталған өңірлердің әкімдерінен себебін сұрады. Бірі келеңсіздікті қолайсыз ауа райынан, енді бірі электр жарығы жиі сөнуінен көріп, бәрі де осы кемшілікті жою амалдары қолға алынғанын айтты. blankblankҚұмар Іргебайұлы оларға олқылықты дереу жоюды, аппарат басшылығына осы мәселені бақылауға алуды, камера құрылғыларына деп бөлінетін қыруар қаржының мақсатты жұмсалғанын қадағалауды тапсырды.blankblankТолығырақ — газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ