Өңірде қандастар мәселесі қалай шешіліп жатыр? aqiqat.kazgazeta.kz

Өңірде қандастар мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Көктемде Рудныйға көшіп келген этникалық қазақтардың арасынан мәселе туындады. Артынша, бұл мәселе шешімін тапты. Рудныйдан көшкен қандастардың алғашқы легі Жітіқара ауданына келіп орнықты. Бұл туралы облыстық еңбек ұтқырлығы орталығы басшысының орынбасары Ерлан Мушаев айтып берді.

Оның айтуынша, екі отбасы өткен жылдың жаз айында Өзбекстаннан отбасымен қоныс аударған. Енді міне, екеуі де Жітіқара ауданы тарапынан ұтқырлық сертификатына, яғни, 4 млн теңгеге дейін берілетін квота қаражатына үш бөлмелі пәтер алып, жаңа мекенге қоныстанды.

“Толықтай деп айтуға болмайды. Рудный қаласына келген 75-80 пайыз қандастар Қостанай облысының басқа өңірлеріне қоныстанды. Алғашқы кезеңде жаңа ортаға тезірек бейім­деліп кету үшін жан-жақты қолдау көрсетілмек. Арасында ауылға бет бұрғандар да бар. Өзбекстаннан жақында қоныс аударған Раиса Қаюпова бес баласымен Науырзым ауданындағы Шилі ауылына көшуге тәуекел етті”, – дейді Ерлан Мушаев.

Бес баланың үшеуі мектеп оқушылары, кенжесі бала бақшаға барады. Раисаның өзі ауылда жұмысқа орналасты. Шилі аулының әкімі Гүлнар Бірмағамбетова Рудный қаласына келіп, Раисаны көшіріп алып кеткен.

Рудный қаласынан басқа аудандарға көшкен қандастар толықтай тиісті көмектерін алды. Арасында бас тартқандары бар. Қамысты ауданына екі отбасы Астана қаласына көшіп кеткен. Сондай-ақ, Рудный қаласына Өзбекстаннан келген бір отбасы сол жаққа қайта оралған.

Негізінен Рудный, Қостанай, Лисаков және Жітіқара қалалары мен Қостанай, Наурызым, Бейімбет Майлин аудандарына қоныс аударды. Орта есеппен алғанда Өзбекстаннан қоныс аударып жатқан қандастардың 20-25% жоғары білімді, 90-95% қандас жұмыспен қамтамасыз етілген. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу