Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 4,113 млн гектар алқапта астық орылған. Бұл жалпы егін танабының 96,4%-на тең.
Бүгінге дейін бастырылған астық көлемі – 5 млн 429 мың тонна. Орташа өнімділік – гектарына 13,2 центнерден.
“Астық жиын-терімін Аманкелді, Әулиекөл, Жанкелдин, Науырзым аудандарының және Арқалық қаласының диқандары толық аяқтады. Облыстың астық қабылдау кәсіпорындарына 1 млн 123,8 мың тонна бидай түскен. Оның 857,2 мың тоннасы – жұмсақ бидай. Қазіргі таңда бастырылған астықтың 60%-ы үшінші, 27%-ы төртінші, 11%-ы бесінші класқа жатқызылып отыр”, – делінеді ведомство хабарламасында.
Бұдан бөлек, 259,1 мың гектардан майлы дақылдар жиналған. Бұл жалпы алқаптың 37,5%-ы. Майлы дәндердің 172,3 мың тоннасы орылды. Шығым – гектарына 6,6 центнерден айналды. Сондай-ақ 3,1 мың гектардан 38,4 мың тонна картоп терілгені анықталып отыр.
Фото: agroinfo.kz