Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
«Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Домбыра – халқымыздың жаны, ұлттық болмысымыздың айнасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Қос ішектен төгілген күй – тарихымызды, тағдырымызды, қуанышымыз бен мұңымызды жеткізген мәңгілік үн. Ұлттық өнеріміздің мерейі үстем болып, әннің үні, күйдің күмбірі әр шаңырақтан естілсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, рухани қазынамыз мәңгі жасай берсін! Мереке құтты болсын!» – деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желілердегі парақшасында.
