Өңір басшысы Қостанайдағы оңалту орталығына барды

Өңір басшысы Қостанайдағы оңалту орталығына барды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 орындық бейімдеу орталығының жұмысымен танысты.
Облыс басшысының айтуынша, бұл кешен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пайдалануға берілген. Орталық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Реабилитациялық кешенді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Соның арқасында мекеме балаларға сапалы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
— Бұл орталық балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған барлық арнайы әлеуметтік қызметті ұсынады, — деді Құмар Ақсақалов.
blankТаяуда қойылған тірек-қимыл аппаратының жұмысымен кеңесшісі Аслан Дабылов таныстырды. Ол оның көптен бергі арманы болған екен.
Бұрын облыс орталығында небәрі 20 төсек-орынға арналған жалғыз оңалту мекеме болған еді. Онда жылына шамамен 400 бала ғана оңалту курсынан өтетін. Ал жаңа орталық іске қосылғаннан кейін осындай қызметпен қамтылатын балалар саны айтарлықтай артты.blank
Қазір бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі кемінде 900 бала оңалтудан өту мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балаларға дер кезінде көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.blank
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ