Өңір басшысы дауыс берді

Өңір басшысы дауыс берді

Бүгінгі ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының Пушкин көшесінде орналасқан музыка мектебіндегі №3 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Соңынан тілшілерге сұхбат берді.

«Бүгін мемлекетеміз үшін өте маңызды күн. Біз еліміздің болашағының жарқын болуына таңдау жасап жатырмыз. Биылғы сайлау жаңа форматта өтуде. Үміткерлер арасында да аса белсенділік көріп отырмыз. Олар бір депутаттық мандатқа өзін-өзі немесе саяси партиялар атынан кандидатурасын ұсынған. Бақылаушылардың да белсенділігі жоғары. Мұның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасыменжүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың бір көрінісі. Бұл республикамыздың экономикасының дамуына, қоғамдағы демократиялық процестердің қалыптасуына зор әсер ететіні сөзсіз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, №3 сайлау учаскесінде сайлауға қатысуға құқығы бар 1583 адам тіркелген. Жұртшылықтың белсенділігі жоғары. Төрт адам үйінен дауыс береді, оларға ұйымдастырушалар арнайы жәшік алып баруда.

«Біздің учаскемізде кәмелетке толған екі адам алғаш рет дауыс бергелі отыр. Оларға сыйлық дайындап отырмыз. Сондай-ақ, бүгін учаскемізге бекітілген екі мерейтой иесі бар. Бұл азаматтар да сый-сияпатсыз қалмайды», – деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гульнара Кучикова.

Қ.ҚИЫСХАН,

Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.

Жаңалықтармен бөлісу