Өнердің жаңа тынысы: 81-ші концерттік маусымның салтанатты ашылуы

Өнердің жаңа тынысы: 81-ші концерттік маусымның салтанатты ашылуы

Тобыл төріндегі музыка сүйер қауымға тамаша жаңалық. Көптен күткен 81-ші концерттік маусымның ашылуы қарсаңында сіздерді өнер мен әуенге толы ерекше кеш күтеді.

Бұл кеш – филармония тарихындағы жарқын беттердің бірі болмақ. Қазақ және орыс халық музыкасының бір сахнада тоғысуы – ұлттық мәдениет пен өнердің шынайы үндестігін паш еткелі отыр.

Сахнада Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі – төл өнеріміздің жауһарларын жаңғыртып, жүрекке жетер әсерлі туындылармен көрерменді баурайды. Орыс халық аспаптар оркестрі – орыс халық музыкасының шоқтығы биік шығармаларын шеберлікпен орындап, тыңдарманын рухани ләззатқа бөлейді. Филармонияның солистері – түрлі жанрдағы вокалдық және аспаптық туындыларды тарту етіп, кештің шырайын кіргізеді.

Онда Ұлттық және әлемдік музыка үлгілерін бір сахнада тамашалайсыз. Жанды орындаудағы кәсіби өнерпаздардың шабытты өнеріне куә боласыз. Маусымның ашылуына орай ерекше бағдарламалар мен тосынсыйлар дайындалған.

Күздің алғашқы айын керемет әсермен бастаңыз  24 қыркүйек күнгі  сағат 18:30 — да басталатын Жастар сарайындағы өнер кешіне  асығыңыз!

Билеттер Freedom және Ticketon платформаларында қолжетімді.
Алдын ала сатып алып, ең үздік орындарды иеленіп үлгеріңіз.

Қосымша ақпарат және билеттер бойынша байланыс: 87772722549.