Облысымыздың комплеанс-офицерлері қарағандылықтармен тәжірибе алмасты 

Облысымыздың комплеанс-офицерлері қарағандылықтармен тәжірибе алмасты 

Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілген еді. Онда комплаенс қызметтерін нығайту көзделген. Соған сәйкес қызметтер туралы үлгілік ереже бекітілді.

Бүгінде ол қызмет түрі Қазақстанның барлық жерінде дамып келеді.

Әр өңірдегі жұмыстардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты Қостанай-Қарағанды облыстары бейнебайланыс түрінде бірлескен конференция өткізуге шешім қабылдады.

“Елдің басқа аймақтарымен тәжірибе алмасу идеясы бізге өткен жылдың соңында келді. Жыл бойы уәкілетті органдар оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтарында әдістемелік қолдау көрсетеді. Бізбен қатар басқа өңірлердегі әріптестеріміз де осындай жұмыстармен айналысып жатыр”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының бас маманы Карина Қыстаубаева.

Облысымыздың комплаенс-офицерлері Қарағанды медициналық университетінің тәуелсіз қызметінің жұмысына қызығушылық танытып отыр.

“Әріптестерімізбен байланысып, екі өңірдің қызметінің ерекшеліктеріне қарай талқыланатын мәселелердің ауқымын телекөпір арқылы кеңейтуді жөн көрдік”, – дейді Карина.

Онда қолданыстағы бизнес-процестерді оңтайландыру, шағымдармен жұмыс істеу, мемлекеттік сатып алу, парақорлыққа қарсы күрестің халықаралық стандартын енгізу және мәселелері талқыланды.

Өткен жылы құрылған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасына қатысушылар да сарапшы ретінде жетістіктерін бөлісті.

“Университеттің комплаенс-офицері ретінде бірнеше жылдан бері қызмет етіп келемін. Осы уақыт ішінде біздің оқу орын Академиялық адалдық лигасын енгізуге қол жеткізді. Студенттеріміз үшін ашық оқыту рәсімдерін жүзеге асырудың бірнеше тетіктерін пайдалана алдық», –дейді қарағандылық сарапшы Александр Урмашов.

Офицерлердің жергілікті жерде тиімді жұмыс істеуі халықаралық стандарттарға сәйкес бақылауды күшейтті. Қызмет көрсетушілерге қолайлы жағдай жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу