Ауа райының нашарлауына республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының 418-539 шақырымына (Қарабалык селосынан Қостанай қаласына дейін), Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай тас жолының 234-503 шақырымына (Ақтөбе облысының шекарасынан Қостанай қаласына дейін), Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 8-218 шақырымына шектеу қойылды.
Облыстық маңызы бар Қостанай-Введенка 8-97 км, Қойбағар-Қарасу-Севастополь 0-124 км, Әулиекөл-Жалдама 0-257 км, Қарамеңді-Раздольное-Аралкөл 0-128 км, Қарасу-Б.Чураков – 0-114 км, Жітіқара-Қамысты-Ливанов 1-48 км 56-73 км, Пресногорьков-Белоглин-Воскресенов 0-46 км, Красная Пресня-Звериноголов 0-5 6км, Ұзункөл-Сарыкөл 0-79 км, Сарыкөл – Б.Дубравы 0-56 км, Лисаков-Қайыңдыкөл-Арқа 16-87 км, Рудный-Қашар-Федоров 0-82,7 км жол жабық.
Облыс әкімдігі өңір тұрғындарынан ауа райы толық тұрақтанбайынша жолға шығудан уақытша қоя тұруды ескертеді. Егер сіз жолға шыққан болып, қар құрсауында қалсаңыз мына телефондарға хабарлассаңыз болады: 8(7142)502529, құтқару қызметі – 112.