Өңір жұртшылығына белгілі дін қайраткері, ғалым, ұзақ жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып абыроймен қызмет атқарған Ертай қажы Исламұлы Балахметтің іскерлік қырлары жақсы таныс.
Республика күні облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанындағы Файзолла қари оқу орталығындағы кітапханаға оның есімі берілді. Салтанатты іс-шараға бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет бастаған әріптестері мен шәкірттері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, жары Майнұр, туған-туыстары және ұрпақтары қатысты.
Онда Ертай қажымен кезінде сыйласқан замандастары, зиялы қауым өкілдері тебірене естеліктер айтты. Үлкен ұлы, наиб имам Әлішер қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, кітапханаға әкесінің оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған «Үш Алаш» кітабын сыйға тартты деп хабарлайды Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметінен.