Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында мұғалімдердің жалақысы екі есеге ұлғайтылды. Бүгінде облыста оқытушылардың орташа жалақы 360 тыс теңге. Кейінгі кезде салада маман жетіспеушілігі біршама азайды. Бірақ, проблема әлі толық жойылған жоқ.
Тоқсан мектепте директордың орны бос тұр.
“Бұл дұрыс емес. Бос лауазымдық орындарды жабу үшін облыстық білім басқармасы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеуі керек. Жергілікті жерлерде мамандардың тұрғын үй, басқа әлеуметтік мәселесін жедел шешкен жөн”, – деді өңір басшысы.
Құма Ақсақалов мамандарды қайта даярлау ешқандай нормағам сай келмейтіндігін айтты. Мәселен, мұғалімдердің білімін жетілдіру курстары заң бойынша үш жылда бір рет өтуі тиіс.
Ал біздің өңірде екі жылда бір өтіп тұрады. Бұл сала бюджетіне едәуір салмақ түсіріп отыр. Соңғы кезде іссапар шығындары 14 есеге өскен. Қаржыға шаққанда миллиондаған ақша.
“Әр тиын өз орнына жұмсалуы керек. Бұған талдау жасаңыздар. Аудан, қала әкімдіктері де бейжай қарамауы тиіс”, – деп ескертті өңір басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ