Облыста жол мердігерлерінің жұмысында 700-ден астам бұзушылық анықталды

Облыста жол мердігерлерінің жұмысында 700-ден астам бұзушылық анықталды

Жол жамылғысының ақауларын жоюға мердігерлер облыста 150 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Биыл барлығы 700-ге жуық бұзушылық анықталды.

Негізгі кемшілік – жол-құрылыс материалдарын пайдалану. Мәселен, 2200 сынаманың үштен бірі нормаларға сәйкес келмейді (800 сынама). Нәтижесінде мердігерлер өз есебінен барлық кемшіліктерді жоюға мәжбүр болады. Салдарынан  150 млн теңгеге жұмыстар қайта жүргізілді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалында атап өткендей, жол салу және жөндеу кезіндегі негізгі бұзушылықтар тығыздау коэффициенттеріндегі сәйкессіздік, геометриялық параметрлердің ауытқуы, жол төсеміндегі ақаулардан келіп отыр.

– Біздің орталық республикалық жолдарды ғана емес, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар жолдарды да тексереді. Сондай-ақ, жол төсемін диагностикалау жұмыстарын жүргіземіз. Барлық ақаулар жазылады. Мердігерге кемшіліктерді жою мерзімі беріледі. Егер осы мерзімде жұмыстар орындалмаса, одан әрі шаралар қабылдау үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасына тиісті хаттарды жолдаймыз, – деді Орталық филиалының директоры Абылайхан Алшынбаев.

Соңғы 4 жылда мердігерлер 1,3 млрд теңгеге жолдағы ақау жойылған.

Жаңалықтармен бөлісу