Облыста жаңа біліктілік алған педагогтардың саны жетпіс пайызға жақындады

Облыста жаңа біліктілік алған педагогтардың саны жетпіс пайызға жақындады

«Жастар сарайында» облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен Мұғалім күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп жатыр.

“Мұғалімдер күні кәсиби мерекемен қатар, отандастарымыздың білім жолындағы басын біріктіретін ұрпақ мерекесі. ҚР Президенті Қ.Тоқаев “Педагогтар еліміздің болашағы үшін тынбай еңбек етуде. Ұстазсыз адам болмайды. Әрқайсымыз ұстаздан оқып білм алғанбыз” деген. Әрбір парасатты адамның өмірінде есімі ешқашан ұмытылмайтын, ұлағатты, үлгі тұтатын ұстаз болады. Қостанай облысының барша педаготарын мұғалімдер күнімен құттықтаймын”, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Былтырғы жылдармен салыстырғанда, өңіріміздегі жаңа біліктілік алған педагогтардың саны алпыс алты пайызға артқаны байқалады.

Соңғы төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақы мөлшері екі есеге өсті. Мектепке дейінгі педаготардың жалақысы отыз пайызға артты. бұл мұғалімдердің мәртебесін көтерудің тағы бір маңызды қадамы екені сөзсіз.

Марапаттау кешіне келгендердің қатарында  еңбегі ескеріліп жатқан жас ұстаздар да бар. Солардың бірі Сарыкөл ауданынан келген Есбол Өміртай.

“Мұғалім болуыма қазақ әдебиетін жақсы көруім себеп болды. Біздің мектепте байқауларға қатыстыру арқылы әдістемелік қолдау ұсынып келе жатыр”, – дейді  Урицкий мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есбол Өміржан.

Биылғы жыл Есбол үшін жемісті болғанын айта кету керек. Дарынды балаларға талантты ұстаз республикалық байқауында екінші орын алды. Идеялар панарамосында республикада бас жүлдені еншіледі. Бұдан да басқа облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы.

Бағдарламада облыс педагогтерін «Ы. Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттау көзделеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Б.Сағыдықұлы

Жаңалықтармен бөлісу