28 мая, 2025
Облыста асфальт-бетон зауыттары тексерілді

Облыста асфальт-бетон зауыттары тексерілді

Құрылыс маусымының қарсаңында Қостанай облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандары ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша өңірдегі асфальт-бетон зауыттарына кешенді тексеру жүргізді.

Мақсат – жол салу жұмыстары басталғанға дейін зауыттардың дайындығын, өндірістің технологиялық процестері мен сапа талаптарының орындалуын бақылау. Тексеру барысында инертті материалдардың сақтау шарттары, жабдықтардың техникалық жағдайы, құжаттаманың толықтығы және асфальт-бетон қоспасының рецептурасы сарапқа салынды.

Нәтижесінде бірқатар зауыттарда сәйкессіздіктер анықталып, тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді. Барлық кемшіліктер құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жойылуы тиіс.

Филиал директоры Абылайхан Алшынбаевтың айтуынша, жол сапасы – зауыттағы өндірістен басталады. Сондықтан алдын ала жүргізілетін бақылау жұмыстары жолдың ұзақ мерзімділігі мен пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

Қостанай облысында биыл ірі жол жобалары жүзеге асырылады. Сол себепті сапа мәселесіне қойылатын талаптар да жоғары. Ал «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өз тарапынан осы талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді жалғастыра береді.