Облыста арнайы жұмыс тобы қызметіне кірісті

Облыста арнайы жұмыс тобы қызметіне кірісті

“Вершина” ЖШС өтінішін жан-жақты, толық және объективті зерттеу мақсатында Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың 2024 жылдың 16 ақпандағы өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылды.
Облыс әкімі жұмыс тобын жеке өзі басқарды, оның құрамына: облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыс прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, облыстық мәслихат өкілдері, облыс әкімдігі облыстық басқармаларының бірқатар басшылары және “Вершина” ЖШС директорының өзі кірді.
Жұмыс тобының мүшелері өз құзыреті шеңберінде мәселені зерделеп, ұсыныстар енгізетін болады.
Облыс әкімдігі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының “Сәулет-құрылыс бюросы” КММ жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қажетті қаражаттың есептеулеріне тексеру жүргізеді.

Жаңалықтармен бөлісу