Облыста апатты азайтуға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр

Облыста апатты азайтуға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр

Ол үшін мамандар жолды мейлінше тарылтуды қолға алды. Жыл басынан бері өңір жолдарында 338 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 489 адам жарақат алды. Көп жағдайда қайғылы оқиғалардың себебі жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауынан болған.

Ең жиі кездесетін ереже бұзушылық — жылдамдықты арттыру және қате маневрлер. Дәл осы себептен 4 адамның өмірін қиған 78 апат тіркелді, 121 адам жараланды.

Қарсы жолаққа шығу кесірінен салдары ауыр 8 апат болды: 3 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алған.


Тағы бір себеп — арақашықтықты сақтамау: 17 жағдай тіркеліп, 23 адам зардап шеккен.

«Облыстық ПД жолдардағы апаттылықтың өсуіне байланысты ҚР ІІМ бастамасы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша әрекеттері жасалып жатыр. Осындай шаралардың бірі – жолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде жүру бөлігін тарылту. Бұл тәсіл қозғалыс жылдамдығын төмендетуге және жүргізушілердің зейінін арттыруға бағытталған, бұл, сайып келгенде, апат санын азайтуға ықпал етуі керек». – деп түсіндереді мамандар.

Автожолдарды талдау барысында апаттылығы жоғары учаскелер анықталды. Дәл осы сегменттерде ЖКО алдын алудың жаңа тәсілі енгізілуде. Жолды тарылту әдісінің мақсаты – тексеру емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл әдісті қолдана бастаған алғашқы өңірлердің бірі Қостанай облысы болғанын айта кетейік. Пилоттық учаскелер ретінде Қостанай — Әулиекөл — Сұрған және Қостанай — Рудный — Денисов автожолдары таңдап алынған. Ықтимал қауіпті аймақтарда уақытша қоршаулар орнатылып,  жолды визуалды түрде тарылтылады. Осылайша жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге және рөлде мұқият болуға шақырады.

«Жолдың бұл тарылуы жүргізушілерге психологиялық әсер етеді. Олар инстинктивті түрде жылдамдықты төмендетіп, мұқият болады, бұл апаттар қаупін азайтуға әсер етеді. Бұл әдіс бірқатар шет елдерде өзінің тиімділігін көрсетті, енді Қазақстанда да белсенді түрде енгізілуде. Сонымен қатар жол полициясының қызметкерлері осы учаскелерде жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Негізгі мақсат –көлік жүргізетін адамның шаршамауын және жолды қауіпсіз жалғастыра алуын қамтамасыз ету», – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мұндай кешенді тәсіл — инженерлік шешімдер мен профилактикалық жұмыстардың үйлесімі. Жолдағы жүріс-тұрыстың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды басымдық – әр жолуашының қауіпсіздігі.