Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарға ертең түнде бұрқасын күшейіп, облыстың шығысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылатынын ескертті.
“7 қаңтарда түнде Қостанай облысында бұрқасын. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 20 метер жел соғады”, – деп хабарлайды ТЖД.