Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселесін тыңдады

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселесін тыңдады

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалында облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға облыстық филиал төрағасы Алмат Досмұхамедов және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар жол жөндеу, ауызсу жүйесін дамыту және газдандыру мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірме беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.blankМұңын жеткізген жандар арасында Сарыкөл ауданының тұрғыны, зейнеткер Соналы ауылындағы ауызсу және «Тәгіл – Қоскөл» автожолын жөндеу қажеттігі туралы мәселені көтерді.blankblankЖауапты мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда ауыл тұрғындары екі су тарату колонкасы арқылы ауызсумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, Сарыкөл ауданы әкімдігі ауылішілік су құбыры желілерін салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жоба аясында насос станциясы, су резервуарлары және ұзындығы 3,9 шақырым болатын су құбыры желісі салынбақ.blankblankblankАл автожол мәселесіне қатысты «Тәгіл – Қоскөл» бағытындағы жолды орташа жөндеуге арналған бюджет өтінімдері облыстық басқармаға жолданғаны айтылды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары жүргізілуде.blankСонымен қатар Қостанай қаласының 55-жастағы тұрғыны бастаған бір топ азамат Әулиекөл ауданындағы Қосағал ауылы мен Науырзым ауданына қарасты Раздольный ауылы арасындағы жолдың жағдайына шағымданды. Ұзындығы 40 шақырым болатын жол учаскесінің нашарлығы көлік қозғалысына айтарлықтай қиындық туғызуда.blankМамандардың айтуынша, облыстық маңызы бар «Әулиекөл – Диев – Қосағал – Раздольное» автожолының бір бөлігіне 30 жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі таңда жолды күтіп ұстау аясында ағымдағы жөндеу көлемі мен қажетті қаражат мөлшері анықталуда.

Рудный қаласындағы Железорудная станциясының тұрғындары елді мекенді газдандыру мәселесін көтерді. Тұрғындарды жобаны қаржыландыру мерзімі мен 400-ден астам үйді табиғи газға қосу жұмыстарының басталу уақыты қызықтырды.blankБелгілі болғандай, қазіргі уақытта станция аумағында газ жүйесі мүлдем жоқ. 2025 жылы Рудный қаласы әкімдігі газдандыру жобасының құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жоба бойынша 9,5 шақырым газ құбыры тартылып, 425 нысанды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Алайда жоба 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде қолдау таппаған. Соған қарамастан, Қостанай облысының 2026–2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспарына сәйкес, жобаны іске асыруға қажетті қаражатты 2028 жылы бөлу көзделген.

Қабылдау қорытындысында облыс әкімінің орынбасары тұрғындар көтерген барлық мәселе жіті бақылауда болатынын атап өтті.

Ақерке Арыстанбай