Бұл туралы Ринат Мұхаметқали әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Бүгін мен үшін ерекше сәт – Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымындағы қызметім аяқталды. Мен үшін бұл қызмет қызықты жобаларға, пайдалы кездесулерге және қиындығына қарамай, ерекше шабыт беретін тапсырмаларға толы өмірімдегі маңызды кезең болды. Топырағында тектіліктің ізі қалған қасиетті Тобыл-Торғай өңірінің игілігі үшін еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Аймағымыздың дамуына жанашырлық білдіріп, Ұлы тарихи тұлғалардың жолын лайықты жалғастырып келе жатқан зиялы қауым өкілдерімен, белсенділермен, мұғалімдермен, мәдениет қайраткерлерімен, спортшылармен, мемлекеттік қызметшілермен және өз ісінің басқа да мамандарымен жақын танысу бақытына ие болғаныма қуаныштымын”, – деп жазды Ринат Зәкиұлы.
Ринат Мұхаметқали 2023 жылдың 27 қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Бұл лауазымға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушілігінен ауысып келген еді.