Облыс әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Облыс әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Облыс басшысы Құмар Ақсақалов аппарат мүшелеріне жаңа кеңесшісін таныстырды.

Аслан Жұмағалиұлы Дабылов 1987 жылы Аманкелді ауданы Жалдама кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2014 жылы Рудный индустриалдық институтын ұйымды басқару менеджменті мамандығы бойынша бітірген.

Қостанай облыстық мәслихатының Әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

2010 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Жаңа Өмір» мүгедектерді белсенді оңалту орталығы ҚБ төрағасы, «Жаңа Өмір-2012» ЖШС директоры болды.

Жаңалықтармен бөлісу