Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкіміммен 9 шілдеден бастап Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Гүлбарам Ғизатқызы экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, облыс халқының денсаулығын сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек қатынастары саласындағы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Оған дейін бұл қызметті Ерлан Спанов атқарған болатын.