Қадірлі ардагерлер!
Құрметті қостанайлықтар!
Баршаңызды мәртебесі биік, орны ерекше 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Осы күні сұрапыл соғыста опат болған, дүниеден өткен жауынгерлерімізді еске алып, арамызда жүрген майдангерлеріміздің алдында бас иеміз.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр майдангерлеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды.
Бүгінгі таңда біздің ортақ міндетіміз – жеңіс пен бейбітшіліктің лайықты мұрагерлері болу, бейбіт заманды бағалай білу, ардагерлеріміз бен аға буынға барынша жағдай жасау.
Жеңіс күні мәңгілікке батылдықтың, төзімділіктің және жеңіске деген ерік-жігердің бейнесі болып қала береді. Бейбіт өмір үшін Ардагер – жеңімпаздарға мың тағзым!
Әр отбасына береке, бірлік, ынтымақ тілеймін! Егемен еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!