Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке. Біз бұл күні ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен, аты аңызға айналған батыр бабаларымыз бен тарихтың отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгер жерлестеріміз алдында тағзым етеміз. Бүгінгі бейбіт өмір кешегі ерен ерліктің жемісі, ешкім ешқашан ұмыт болмайды.
Ағымдағы жыл қазақ халқының батыр ұлдары, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ – Рахымжан Қошқарбаев пен небәрі 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған Халық Қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтой жылы. Бейбіт заманда ұлы бабаларымыздың даңқын асқақтатын ұрпақтары бар ел болу бізге парыз.
Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Бүгінгі таңда еліміздің сарбаздарының жауынгерлік рухы, отаншылдығы, әскери дайындығы және кәсіби машығы еліміздің қорғаныс қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз етуде. Бейбіт өміріміздің сақшылары болып жүрген әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қауіп-қатердің алдыңғы шебінде жүрген барша азаматтарымызға ұлық мереке күні шын жүректен алғысымды білдіремін.
Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болып, тыныштыққа бөлене берсін. Байрағымыз биікте желбіреп, даңқымыз арта берсін. Мереке құтты болсын!