Конституция күні – халқымыздың қастерлі де ұлық мерекесі.
Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізін қалаған Ата Заң азаматтарымыздың теңдігі мен бостандығына кепілдік беруімен, елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуына негіз болуымен құнды.
Ата Заңға деген құрмет – біздің болашаққа деген сенімімізге деген ұмтылысымыздың қайнар көзіне айнала берсін. Баршаңызды еліміздің айтулы мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Мереке құтты болсын!