Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты. Буревестник ауылында кәсіпкерлерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, мал шаруашылығын дамыту, кадр тапшылығы, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы, субсидиялау, қыс мезгіліндегі жолдарды тазалау мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы диқандардың алдағы жұмыс жоспарын да сұрады. Құмар Ақсақалов бұрын гүлденген ауылдың қазір мүшкіл халде екенін атап өтті. Жергілікті тұрғындар ауыл жұртының азайып бара жатқанын айтты. Мәселен, биыл жергілікті мектепте небәрі 5 түлек оқыған. Сонымен қатар, науырзымдықтар облыс әкімінің назарын науқастарды аудандық ауруханаға жеткізуге арналған көліктің ескіргені және күн бұзылғанда электр қуатының үздіксіз сөніп қала беруі сияқты мәселелерге аударды.
Облыс басшысы жоғарыда көтерілген түйткілдер бойынша жауапты басқарма басшыларына тікелей тапсырма беріп, күн тәртібіне алуды міндеттеді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ормановқа бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының жұмысымен танысты. Елімізде болып жатқан табиғи апаттар тілсіз жауға дайын болуға, техникалардың сай болуын тапсырды.
Қарамеңді орталығында жаңадан салынып жатқан спорт кешені мен 18 пәтерлі тұрғын үйдің, мәдениет үйінің 250 орындық көрермендер залының құрылысы барысын бақылап, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.