Облыс әкімі Қ. Ақсақалов комиссияның отырысын өткізді

Облыс әкімі Қ. Ақсақалов комиссияның отырысын өткізді

Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды. Алғашқы мәселе облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының алкогольге және есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету  жұмыстарының тиімділігі мен толық атқарылуы туралы болды.

Алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану маңызды медициналық және әлеуметтік мәселелердің бірі.
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдары алкогольге және наркологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды психологиялық түзету және дәрі-дәрмекпен емдеу бойынша жұмыс жүргізуде.

“Биыл  өткен жылмен салыстырғанда   стационардағы  емделген науқастар саны 9,7%-ға артып отыр. Осы жылы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін шамамен 53,9 млн теңге бөлінді. Соңғы 3 жылда  мас күйінде қылмыс жасағандардың қатары 26,2%-ға төмендеді”, – деді облыс әкімі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдардың тиімділігі мен қабылданатын шаралары туралы да сөз қозғаллды.

“Автожолдарда жол-көлік оқиғаларының санын  азайту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын ретке келтіру қажет.  Жол белгілері мен жолақтардың, бағдаршамдардың талапқа сай орнатылуын қадағалаңыздар. Жаңа жол таңбаларын салыныпп, көшелер мен аулаларды жасанды жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары тезірек жүргізілісін”, – деді әкім.

Алдағы уақытта жалпы білім беру мекемелерінің жанында оқушылардың макеттері орнатылатын болады. Соңғы 10 жылда жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 271 млрд теңге бөлінгенін айта кетейік.

Жаңалықтармен бөлісу